Халықпен ашық диалог – мәселелердің нақты шешімі
Нурафшон қаласында орналасқан Өзбекстан Республикасы Президентінің Ташкент облысындағы Халық қабылдау бөлмесі ғимаратында облыс әкімі Зойир Мирзаевтың кезекті кеңейтілген қабылдауы өтті.
Оған облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, басқармалар мен ұйымдардың басшылары, банк және қаржы мекемелерінің жауапты тұлғалары қатысып, азаматтардың өтініштерін тікелей және бейнеконференция арқылы тыңдады.
Ашық мұлоқат барысында 200-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Өтініштерде негізінен тұрғын үй, жер қатынастары, халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік қызметті жолға қою және кеңейту, электр энергиясымен жабдықтау, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік қорғау және басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Қабылдау барысында 30-дан астам өтініш иесінің мәселесі сол жерде шешімін тапты.

Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғалар мен жұмыс топтарына нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, мәселелерді сол жерге барып зерделеу, олардың туындау себептері мен қолданыстағы кедергілерді анықтау, қажетті шараларды белгілеу және нәтижесі бойынша ақпарат ұсыну тапсырылды.
Мұлоқат барысында әрбір өтінішті тек ресми тәртіппен қараумен шектелмей, оның түпкі себептерін жою және нәтижеге бағытталған нақты шешім әзірлеу қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау, олардың қағаз жүзінде қалып қоюына жол бермеу және әрбір азаматтың өтінішінің нақты нәтижемен аяқталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті нұсқаулар берілді.

Өйткені, халықпен ашық және тікелей мұлоқат — тұрғындардың мәселелерін анықтаудың маңызды құралы ғана емес, сонымен бірге оларға іс жүзінде шешім табу, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді атаулы шешудің тиімді тетігі болып табылады.
А.Мұсаев, ӨзА