Бизнес-омбудсменнің көмегімен жер учаскесі кәсіпкерге қайтарылды
Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасының Бизнес-омбудсманы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеуге және туындайтын мәселелерді шешуге белсенді түрде жәрдемдесіп келеді.
Атап айтқанда, Бизнес-омбудсменнің араласуымен көптеген кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, оларға келтірілген залал өтелуде.
Осыған орай, Бизнес-омбудсменге Жызақ қаласында жұмыс істейтін "Э.К." ЖШС басшысы іс жүзінде көмек көрсетуді сұрап жүгінді.
Кәсіпкердің мәлімдеуінше, серіктестікке тиесілі және 2017 жылы сатып алынған 1,4 гектар жердегі жылыжай ғимаратының кадастрлық құжаттарын электрондық базаға (UzKad) өткізу барысында меншік иесінің келісімінсіз 1178 шаршы метр жер учаскесі мемлекеттік тізілімнен шығарылып тасталған.
Кейіннен дауларды сотқа дейін шешу комиссиясы бұл тізілім жазбасының күшін жойғанымен, жергілікті кадастр органының қызметкерлері жер мен ғимаратты қайта тіркеуді созбалаңға салған.
Өтініш негізінде Бизнес-омбудсмен аппаратының қызметкерлері оқиға орнына барып, тиісті жұмыс тобын құрды және жылыжай ғимараты мен оған іргелес аумақтарды қолда бар құжаттар негізінде қайта өлшеп шықты. Зерттеу нәтижесінде кәсіпкердің құқықтары қалпына келтіріліп, шығарып тасталған 1178 ш.м. жер учаскесімен бірге серіктестікке тиесілі толық 1,4 гектар жердегі жылыжай ғимаратының UzKad жүйесінде қайтадан мемлекеттік тіркеуден өткізілуі қамтамасыз етілді.
Гүлноза Бобоева,
ӨзА