«Челси» клубы «Clearlake Capital Group» қорының бақылауына өтті
«Clearlake Capital Group» инвестициялық қоры Англияның «Челси» футбол клубындағы миноритарлық үлесті сатып алып, клубқа толық бақылау орнататынын растады.
Хабарға сәйкес, шамамен 950 миллион фунт стерлингке (1,27 миллиард доллар) бағаланған мәміле аяқталғаннан кейін америкалық кәсіпкер Тодд Боэли Лондон клубының төрағасы қызметінен кетеді.
Бағдад Эғбали мен Хосе Э. Фелисиано негізін қалаған «Clearlake» қоры клубтың төрттен біріне тең үлесті сатып алу кезінде швейцариялық миллиардер Хансйорг Висспен серіктестік орнатқан. Клуб басшылығы күнделікті жұмыс үдерісінде, басқару құрылымында және даму жоспарында ешқандай өзгеріс болмайтынын мәлімдеген.
Еске салайық, Боэли, Уолтер, Висс және «Clearlake» консорциумы «Челси» клубын 2022 жылғы мамырда ресейлік миллиардер Роман Абрамовичтен 4,25 миллиард фунт стерлингке сатып алған болатын. Төрағалық қызметтен кетіп жатқан Тодд Боэли клубты басқару өзі үшін үлкен мәртебе болғанын айтып, «Clearlake» басшылығымен «Челси» алдағы уақытта да табысқа жететініне сенім білдірген.
Қазір команда Англия Премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойындардан кейін турнир кестесінде алтыншы орында тұр.