Шахмат: Самарқандта бүгін тарихи турнир басталады
Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан көне Самарқанд бүгін тағы да әлем назарын өзіне аударады. Ғылым мен мәдениеттің орталығы саналатын бұл шаһарда бүгін Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы басталады.
Екі жылда бір рет әлемнің барлық дерлік өңірлерінен шахматшылар қатысатын биылғы олимпиадаға 400 команда қатысуға ниет білдірді. Бұл – 2024 жылы Будапештте өткен олимпиаданың рекорды жаңарады деген сөз. Екі жыл бұрын Венгрияда ұйымдастырылған 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына 380 команда қатысқан болатын.
Бұл жолы Самарқандта 208 ерлер командасы мен 192 әйелдер командасы өз күш-жігері мен шеберлігін шыңдайды.

Олимпиада бағдарламасына сәйкес, 16–27 қыркүйек аралығында классикалық шахмат бойынша 11 тур өткізіледі.
Сонымен қатар іс-шаралар аясында Самарқандта ФИДЕ Конгресі мен сайлауы өтеді. Онда халықаралық шахмат қауымдастығы спорттың болашақтағы даму бағыттарын талқыламақ.