Canadian Open: Камила Рахимова Венус Уильямсты жеңді
Торонтода теннистен WTA 1000 санатына жататын, жүлде қоры 7 миллион 433 мың 76 АҚШ долларын құрайтын беделді турнир басталды.
Атаулы жарысқа Өзбекстан теннисшілері де қатысуда.
Кеше Өзбекстанның бірінші ракеткасы Камила Рахимова негізгі кезеңнің алғашқы айналымында америкалық әйгілі теннисші Венус Уильямспен кездесті. 1 сағат 29 минутқа созылған кездесуде Рахимова қарсыласын 2:0 (6:4, 6:1) есебімен сенімді түрде жеңді.
Камила Рахимова екінші айналымда чехиялық Катержина Синяковамен кездеседі. Матч 6 тамызға жоспарланған.
Айта кетейік, 24 жастағы Камила Рахимова қазіргі уақытта WTA рейтингінде 82-орында тұр. Ал, Катержина Синякова әлемдік рейтингте 36-орынға жайғасқан.