Бокс: Өзбекстан құрамасы Әлем кубогында табысты өнер көрсетті
Қытайдың Гуйян қаласында бокстан өткен Әлем кубогы өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Өзбекстан ұлттық бокс құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 12 медаль еншіледі.
Әсіресе, ерлер құрамасы тағы да өзінің жоғары деңгейін көрсете алды. Өзбекстандық былғары қолғап шеберлері 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, ерлер командалары арасында бірінші орынға ие болды.
Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ұлттық бокс құрамасы 3 алтын және 3 қола медальмен екінші орынға тұрақтаса, Франция құрамасы үшінші сатыдан көрінді.
Жалпыкомандалық есепте жарыс қожайыны Қытай құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен көш бастады. Қазақстан құрамасы 5 алтын және 3 қола жүлдемен екінші орынға ие болса, Өзбекстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, Өзбекстан боксшылары халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерін тағы бір мәрте дәлелдеп, ерлер құрамалары арасында турнирдің ең үздік командасы атанды.
