Мексика әлем чемпионатын жеңіспен бастады
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу матчында Мексика құрамасы жеңіске жетті.
Мехико қаласындағы әйгілі «Ацтека» стадионы аренасында өткен «А» тобының алғашқы кездесуінде алаң иелері Оңтүстік Африка құрамасын 2:0 есебімен ұтты.
Мексика сапынан шабуылшылар Хулиан Киньонес 9-минутта және Рауль Хименес 67-минутта гол соқты.
Кездесу тартысты өтіп, екі команда да матчты толық құрамда аяқтай алмады. Екінші таймда Оңтүстік Африка құрамасының екі ойыншысы қызыл қағаз алса, Мексика құрамасынан бір футболшы алаңнан қуылды.
Осы жеңістің арқасында 2026 жылғы әлем чемпионатының қожайындарының бірі саналатын Мексика алғашқы үш ұпайын қоржынына салды.
Топтағы екінші матчта Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары кездесіп, алғашқы болып еуропалықтар 59-минутта есеп ашты.
Алайда Оңтүстік Корея ұлттық футбол құрамасы саңлақтары сағын сындырмай, 67 және 80-минуттарда екі жауап голын соқты. Нәтижесінде матч азиялықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.