Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді
Биыл 19–22 қараша күндері Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді.
Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Бұған дейін жарысты өткізу орны ретінде Амман қаласы таңдалған болатын.
«Алғашында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты биылғы жылдың 22–25 қазан күндері Амманда (Иордания) өтуі тиіс еді. Алайда өңірдегі жағдайға байланысты жарыс Өзбекстан астанасына көшірілді. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясы ресми түрде мәлімдеді», – делінген хабарламада.