2026 жылғы әлем чемпионатының финалын басқарған төреші мансабын аяқтады
ФИФА төрешісі Славко Винчич кәсіби төрешілік мансабын аяқтады.
Бұл туралы Словения футбол қауымдастығы хабарлады.
46 жастағы словениялық төреші 19 шілдеде өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық кездесуіне төрелік еткен болатын. Қосымша уақытта өткен матчта Испания 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Славко Винчичті турнирдің үздік төрешісі деп таныды.
Славко Винчич 2010 жылдан бері ФИФА төрешісі мәртебесіне ие болып, халықаралық деңгейдегі кездесулерге төрелік етіп келген.