«Ливерпуль» клубы 6 миллиард долларға сатылуы мүмкін
Америкалық «Fenway Sports Group» инвестициялық компаниясы иелік ететін Англияның «Ливерпуль» футбол клубы сатылуы ықтимал.
The Financial Times басылымының хабарлауынша, клубты үндістандық кәсіпкер әрі «Queens Park Rangers» клубының иесі Амит Бхатия жетекшілік ететін инвесторлар консорциумы сатып алуға қызығушылық танытып отыр.
Дереккөз мәліметінше, «Fenway Sports Group» аталған консорциуммен келіссөздер жүргізіп жатқанын растағанымен, әзірге түпкілікті келісім жасалмаған.
Егер мәміле жүзеге асса, оның құны 6 миллиард доллардан асып, спорт тарихындағы ең ірі сатылымдардың біріне айналуы мүмкін.
«Ливерпуль» Англия Премьер-лигасында чемпиондық саны бойынша «Манчестер Юнайтедпен» бірге рекордқа ие. Сонымен қатар клуб УЕФА Чемпиондар лигасын алты рет жеңіп алып, бұл көрсеткіш бойынша ағылшын командалары арасында көш бастап келеді.