Өзбекстанға ең көп электромобиль Қытайдан импортталды
2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Өзбекстанға әлемнің16 мемлекетінен жалпы құны 473 миллион долларды құрайтын 40 345 электромобиль әкелінді.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 140-қа артып, шамамен 2,5 есеге өскен.
Ең көп электромобиль жеткізген елдер:
— Қытай – 39 798 дана
— Гонконг – 249 дана
— Корея Республикасы – 165 дана
— Германия – 43 дана
— АҚШ – 25 дана
— Басқа мемлекеттер – 65 дана