Өзбекстан мен Түркия кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтті
Ташкентте Өзбекстан–Түркия Іскерлік ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейлі кеңесінің алғашқы отырысы аясында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтті.
Форумға Түркия делегациясының құрамында 200 компанияның өкілдері мен жоғары лауазымды менеджерлері қатысты. Олардың қатарында «OYAK», «Anadolu Group», «Chalık Holding», «Aksa Energy», «Cengiz Enerji», «Tekfen Holding», «Trendyol», «Vestel», «Otokar», «Ro‘nesans Holding», «Ziraat Bank» және «Abdi Ibrahim» сияқты ірі компаниялардың өкілдері бар.
Шара барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, басым салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Энергетика, көлік, тау-кен өнеркәсібі, геология, машина жасау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және өнім өңдеу салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар цифрлық экономика, электронды сауда, қаржы технологиялары және заманауи өндірісті дамыту жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Іс-шара аясында тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, фармацевтика, құрылыс, цифрлық экономика мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды қамтитын 10 екіжақты құжат алмасылды.
Форум барысында B2B және G2B форматындағы кездесулер де ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер өкілдері инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндірісті жергіліктендіру, технологиялық серіктестікті нығайту және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
[gallery-32606]
суреттерді түсірген Д.РИЗАЕВ, ӨзА