Өзбекстандық 3 төреші өмір бойына футболдан шеттетілді
Өзбекстан футбол қауымдастығы (UFA) Этика комитетінің шешімімен үш өзбекстандық төреші келісілген ойындарға қатысқаны үшін өмір бойына футболдан шеттетілді.
Хабарда айтылуынша, 2023 жылдың 22 наурызында Про-Лига аясында өткен «Қуқон-1912» және «Машъал» футбол клубтары арасындағы матч алдында «Қуқон-1912» футболының өкілі клубы Шухрат Моминов Өзбекстанның Футбол төрешілер орталығының төрешісі Хусан Музаффаровқа «Қуқон-1912» футбол клубының пайдасына төрешілік етуін сұрап, осы қызметі үшін ақша ұсынған. Кездесудің бас төрешісі Хусан Музаффаров бұл ұсынысқа келісіп, кездесу «Қуқан-1912» футбол клубының пайдасына аяқталған.
«Сондай-ақ, 2023 жылдың 18 маусымында Про-Лига аясында өткен «Арал» мен «Қуқон-1912» футбол клубтары арасындағы ойын алдында «Қуқон-1912» командасының өкілі Шухрат Моминов төрешілер Хусан Музаффаров, Обид Жумаев және Жасур Рустамовқа матчтың «Қуқон-1912» футбол клубының пайдасына шешілуі үшін материалдық жағдай ұсынған. Матчтың бас төрешісі Хусан Музаффаров бұл ұсынысқа келісіп, ақшаны көмекші төрешілер Обид Жумаев пен Жасур Рустамовпен бөліскен.
Өзбекстан футбол қауымдастығының этика комитеті Өзбекстан футбол төрешілер орталығының төрешілері Хусан Музаффаров, Обид Жумаев және Жасур Рустамов UFA Тәртіптік кодексінің тиісті баптарын бұзғанын анықтап, оларға футболға қатысты барлық әрекеттерге өмір бойына тыйым салынды және айыппұлдық тәртіптік шаралар қолданылды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Қуқон-1912» футбол клубының спорт директоры Шухрат Моминов UFA Тәртіптік кодексінің тиісті баптары негізінде кінәлі деп танылып, өмір бойына футболға қатысты барлық қызметтен шеттетілген.
Өзбекстан футбол қауымдастығы келісілген ойындарды анықтауда ФИФА, АФК, Sportradar және басқа да тиісті ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.