Рахим Стерлинг бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды
Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рахим Стерлинг көлікті қауіпті жүргізгені, автомобиль салонында тыйым салынған газды (азот тотығы) сақтағаны және жол-көлік оқиғасынан кейін медициналық сараптамадан өтуден бас тартқаны үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Sky Sports басылымының хабарлауынша, сот шешіміне сәйкес, Стерлинг 100 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға және екі жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуға міндеттелді. Сондай-ақ оған 18 ай сынақ мерзімі белгіленген.
Айта кетейік, Рахим Стерлинг қазір еркін агент саналады. Ол мансабында «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Челси», «Арсенал» және «Фейеноорд» клубтарында өнер көрсетті. «Манчестер Сити» сапында төрт рет Англия чемпионы атанып, Англия кубогын және бес мәрте Лига кубогын жеңіп алған. Англия құрамасы сапында 82 матч өткізіп, 20 гол соққан.