Өзбекстанда зейнеткерлер саны 4 миллионнан асты
2024 жыл 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер 4 008 597-ге жетті.
Зейнетақы қорының хабарлауынша, 2024 жыл 1 мамырдағы жағдай бойынша олардың саны 3 998 966 құраған.
Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында 124 184 азаматқа жаңадан зейнетақы тағайындалған. Оның ішінде 102 610 азаматқа жасына байланысты болса, 14 388 азаматқа мүгедектік, 7 186 отбасына асыраушысынан айырылғандық бойынша зейнетақы тағайындалған.
Зейнеткерлер саны бойынша республикада Ферғана облысы көш басында тұр (473 337 адам), ең аз аймақ Сырдария облысы (102 065 адам).
- Ферғана облысы – 473 337 адам;
- Самарқанд облысы – 426 789 адам;
- Әндіжан облысы – 374 667 адам;
- Ташкент қаласы – 367 483 адам;
- Ташкент облысы – 365 544 адам;
- Қашқадария облысы – 357 362 адам;
- Наманган облысы – 313 241 адам;
- Сұрхандария облысы – 268 066 адам;
- Бұхара облысы – 253 604 адам;
- Хорезм облысы – 220 681 адам;
- Қарақалпақстан Республикасы – 215679 адам;
- Жызақ облысы – 135 250 адам;
- Науаи облысы – 134 829 адам;
- Сырдария облысы – 102 065 адам.