Өзбекстанда Bolt платформасын іске қосу жоспарланып отыр
Өзбекстанның ірі қалаларының бірінде Bolt платформасы бойынша пилоттық жоба іске қосылады және болашақта кеңейтіледі.
Туризм комитетінің төрағасы Умид Шодиев Лондонда Bolt компаниясының серіктес нарықтар жөніндегі жаһандық директоры Герт-Ян Кистемакермен кездесті.
Кездесуде Өзбекстанда Bolt платформасын енгізу мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, такси, тамақ пен жүк жеткізу, электросамокат қызметі секілді бағыттарды қамтитын бұл платформа жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристерге қосымша қолайлылықтар туғызатыны айтылды.
Тараптар Өзбекстанның бір ірі қаласында пилоттық жобаны іске асыру және оны болашақта кең ауқымда дамытуға мүдделілік білдірді.