Өзбекстан жыл басынан бері шетелден 13 ұшақ сатып алды
2023 жылдың басынан бері Өзбекстан әлемнің ьірнеше елінен 633,1 миллион долларға ұшақ сатып алды.
Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар айында Өзбекстанға шетелден құны 633,1 миллион АҚШ доллары болатын 13 ұшақ әкелінген.
2023 жылдың қаңтарында Өзбекстан ұшақтарды мына елдерден импорттаған:
— Германия – 6 (421,7 млн)
— Литва – 4 (66,7 млн)
— Франция – 1 (64,3 млн)
— Сингапур – 1 (61,6 млн)
— Ұлыбритания – 1 (18,8 млн)