Өзбекстан волейбол құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Волейболдан Өзбекстан ерлер ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды.
Өзбекстан волейбол федерациясының хабарлауынша, бұл қызметке ирандық тәжірибелі маман Рамин Бабаи келді.
Рамин Бабаи 2003–2005 жылдары Иран ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, Азия чемпионаты мен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Спортшы ретінде Иранның бірнеше волейбол клубымен ел чемпионы атанған. Кейін осы елдің клубтарында бапкерлік қызмет атқарды.
Сондай-ақ ол Түркіменстан және Ауғанстан ұлттық құрамаларын жаттықтырған.
2020 жылдан бері Түркіменстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. 2025 жылы Рамин Бабаидің жетекшілігімен Түркіменстан құрамасы «CAVA Cup» турнирінде чемпион атанды.