Франция құрамасы әлем чемпионаттарының тарихында рекорд орнатты
Франция құрамасы футболдан әлем чемпионаттары тарихында қатарынан бес матчта үш және одан да көп гол соққан алғашқы құрама атанды.
1 шілде күні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Франция құрамасы Швецияны 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұған дейін француздар осы турнирде Норвегияны (4:1), Иракты (3:0) және Сенегалды (3:1) жеңген болатын.
Ал 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Франция құрамасы Аргентинадан негізгі және қосымша уақыттағы 3:3 тең нәтижеден кейін пенальти сериясында 2:4 есебімен жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, кеше түнде Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуар командасын 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жол алды. Ал, Мексика құрамасы 1986 жылдан бері алғаш рет арадан 40 жыл өткен соң әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Бұған таңертеңгі Эквадормен өткен ойындағы жеңіс (2:0) жол ашты.