Өзбекстан Президенті Ресей Федерациясына келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 8 мамыр күні жұмыс сапарымен Мәскеу қаласына келді.
«Внуково» халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Мемлекет басшысын ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

