Өзбекстан Президенті Бразилия Сыртқы істер министрін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 12 мамыр күні елге сапармен келген Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады.
Кездесу басында жоғары мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силваның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Өзбекстан мен Бразилия арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту және көпқырлы ынтымақтастықты сапалық жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.
Жоғары деңгейдегі жүйелі диалогты жолға қою, саяси және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.

Өзара сауда көлемін арттыру, іскерлік байланыстарды дамыту, химия, электротехника, фармацевтика және өнеркәсіптің басқа да салаларында бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Ауыл шаруашылығы, селекция, туризм, спорт және басқа бағыттардағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері күн тәртібінде қаралды.

Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкіметаралық комиссия құру ұсынылды.
Тараптар халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасып, алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.