Өзбекстан Омбудсманы Human Rights Watch өкілімен кездесті
Польша астанасы Варшава қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) ұйымдастырған адамгершілік өлшемдеріне арналған дәстүрлі «Warsaw Human Dimension Conference – 2025» халықаралық конференциясы өтті.
ЕҚЫҰ аясындағы ең ірі адам құқықтары форумы саналатын бұл шараға 57 мемлекет, соның ішінде Өзбекстан Республикасы, сондай-ақ адам құқықтары ұйымдары, азаматтық қоғам өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Халықаралық конференция барысында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары жөніндегі өкілі (Омбудсман) Феруза Эшматова Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша аға зерттеушісі Мира Ритманмен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті комитеттері ұсынған ұсынымдарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Тараптар, сондай-ақ, адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметте өзара ақпарат алмасу мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін де сөз етті.