Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы сайланды
2021 жылы 19 қазанда Өзбекстан мұсылмандары басқармасының ғұламалар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Онда, Ташкент қаласының бас имамы Нуриддин Холикназаров Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти болып сайланды.
Нұриддин ұстаз 1968 жылы Әндіжан облысы, Асака қаласында дүниеге келген. Ол 1992 жылы Бұхара облысындағы Мир Араб медресесін, 1998 жылы Имам Бухари атындағы Ташкент ислам институтын, 2007 жылы Ферғана мемлекеттік университетін бітірген.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасының баспасөз қызметі