Өзбекстан мен Вьетнам Бас прокурорлары кездесті
Өзбекстан Республикасының Бас Прокуроры бастаған делегация Вьетнам Социалистік Республикасы Бас Прокурорының шақыруымен Ханой қаласына барды.
Сапар аясында Өзбекстанның Бас прокуроры Нигматилла Юлдашев пен Вьетнамның Бас прокуроры Ле Минь Чи арасында кездесу өтті.

Сындарлы диалог барысында тараптар екі мемлекеттің қадағалау органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады.
Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды. Бұл екі елдің құзырлы органдарының қылмыстық сот ісін жүргізу аясында құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.