Өзбекстан мен Ресей көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
8 мамыр күні Мәскеу қаласында өткен іс-шаралар аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті.
Сұхбат басында Мемлекет басшылары Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен бір-бірін құттықтады.
Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері қаралды.
Өзара сауда көлемінің тұрақты өсіп келе жатқаны, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, металлургия және өзге де салалардағы жобалардың табысты жүзеге асып жатқаны атап өтілді.
Тауар айналымының қарқынын сақтау және басым бағыттардағы кооперациялық жобаларды жеделдетуге бағытталған үйлестірілген шараларды қабылдау, сондай-ақ өңірлер деңгейіндегі белсенді байланыстарды жалғастырудың маңыздылығы айтылды.
Мәдени-гуманитарлық алмасуларды одан әрі дамытуға да ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Өзбекстан мен Ресей көшбасшылары халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.