Өзбекстан мен Бразилия саяси консультациялар өткізді
Өзбекстан мен Бразилия арасындағы саяси консультациялардың үшінші раунды бейнеконференциялы байланыс түрінде өтті.
СІМ хабарлауынша, саяси консультациялар барысында Өзбекстан-Бразилия қарым-қатынастарының күн тәртібі туралы пікір алмасып, жақын болашақта ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары белгіленді.
Кездесуде саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықтың пайдаланылмаған елеулі әлеуетін іске асыру, парламентаралық байланыстарды дамыту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Бразилияның жетекші университеттерімен қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды.
Келіссөздердің күн тәртібінде ауыл шаруашылығы, тоқыма және химия өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастық, туризм саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері де талқыланды.
Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осыдан 31 жыл бұрын – 1993 жылы 30 сәуірде орнаған.