Өзбекстан 64 миллион долларлық ұялы телефон импорттады
Жыл басынан бері соңғы 11 айлық көрсеткіш бойынша Өзбекстанға құны 64,6 млн долларлық 781,7 мың ұялы телефон импортталған.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Өзбекстанға 1 қарашаға дейін әлемнің 19 елінен 64,6 млн долларлық ұялы телефон импорт жасалған болып, осы елдер қатарында ең көп телефон аппараты Қытайдан әкелінген (556,6 мың дана).
Импорт көлемі жоғары елдер қатарында:
- Қытай - 556,6 мың;
- Вьетнам - 143,4 мың;
- Үндістан - 36,7 мың;
- БАӘ - 23,9 мың;
- Ресей елінен - 11,3 мың дана ұялы байланыс аппараты импортталған.
Осы орайда айта кететін жайт, 2019 жылы Өзбекстанда жалпы құны 31,7 миллиард сумды құрайтын 235 мың дана ұялы және басқа сымсыз желілер үшін телефондар жасалған екен.