Өзбекстан 6 айда ең көп электромобильді Қытайдан импорттады
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, Өзбекстан соңғы 6 айда ең көп электромобильді Қытайдан импорттаған.
2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстан 10 шет елден құны 167 миллион АҚШ долларын құрайтын 5 403 электромобиль импорттады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 4289 бірлікке немесе 5 есеге жуық өскен.
6 ай ішінде электромобильдер мына елдерден әкелінген:
— Қытай – 4956;
— Гонконг – 348;
— Германия – 57;
— БАӘ – 16;
— Корея – 12;
— АҚШ - 7.