Венгрияда Виктор Орбан дәуіріндегі жекешелендіру келісімдері тергелетін болады
Венгрия елінің жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр 1988–2000 жылдар аралығында бекітілген жекешелендіру келісімдері бойынша тергеу жүргізілетінін, сондай-ақ социалистік кезеңдегі мемлекеттік қауіпсіздік агенттерінің архивтері толық ашылатынын мәлімдеді.
Құжаттар биылғы күзде, 1956 жылғы Венгрия көтерілісі 70 жылдығына орай жария етіледі.
Мадьярдың айтуынша, тергеу сол кезеңдегі кәсіпкерлер, партияның ықпалды тұлғалары және барлау қызметтері арасындағы байланыстарды анықтауға бағытталған. Оның пікірінше, ашылатын архивтер қазіргі Венгриядағы билік пен экономикалық элитаның қалай қалыптасқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жаңа үкімет басшысы бұрынғы премьер-министр Виктор Орбан айналасындағы топты сынға алып, оның басқаруы кезінде олигархтар өз қаражатын жаппай Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және Уругвай елдеріне шығарғанын мәлімдеді.