Василий Ломаченко рингке қайта оралады
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы, украиналық Василий Ломаченко кәсіби рингке қайта оралады.
The Ring басылымының хабарлауынша, Ломаченко келесі жекпе-жегін күз мезгілінде өткізеді.
Қазіргі таңда 38 жастағы боксшы – екі дүркін Олимпиада чемпионы. Ол кәсіби рингтегі дебютін 2013 жылы жасаған.
2014 жылы жартылай жеңіл салмақта (57,2 кг дейін) әлем чемпионы атанса, 2016 жылы екінші жартылай жеңіл салмақта (59 кг дейін) чемпион болды. 2018 жылы жеңіл салмақта (61,2 кг дейін) бірнеше тұжырым бойынша біріккен чемпион атанып, 2024 жылы осы салмақта екі дүркін әлем чемпионы мәртебесіне ие болды.