Республика көлемінде «Мен – Жеңімпаз» жүгіру марафоны өтті
Өзбекстанның барлық өңірлерінде және Қарақалпақстанда 9 мамыр – Еске алу және қадірлеу күніне орай дәстүрлі «Мен – Жеңімпаз» патриоттық жүгіру жарысы ұйымдастырылды.
Ауқымды шараға жалпы 30 мыңға жуық адам қатысып, ел бірлігі мен рухын айшықтай түсті.
Ташкент қаласында өткен марафонда 3 шақырымдық қашықтықта ерлер арасында Элдор Ботиров, Отабек Файзуллаев және Насимбек Тойчиев үздік үштік қатарынан көрінді. Ал әйелдер арасында Инобат Тожибоева жарыстың жеңімпазы атанды.
[gallery-29334]
Жарыс соңында мәреге сәтті жеткен әрбір қатысушыға арнайы естелік медаль табысталды. Сонымен қатар, жүлделі орын алған спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
суреттерді түсірген А.Мамадаминов, ӨзА