«Узбекнефтгаз» стенді «Baku Energy Week-2026» көрмесінде арнайы номинацияға ие болды
Баку қаласында өтіп жатқан «Baku Energy Week – 2026» халықаралық энергетика апталығы аясында «Узбекнефтгаз» АҚ өз стендімен белсенді қатысып, қонақтар мен қатысушылардың ерекше назарын аударды.
«Узбекнефтгаз» ақпарат қызметінің хабарлауынша, Әзербайжан астанасындағы шара аясында үш күн бойы стендке келушілер саны жоғары деңгейде сақталған.
Қонақтар компанияның мұнай-газ өндіру саласында жүзеге асырып жатқан жобалары, халықаралық ынтымақтастық бағыттары, инвестициялық бағдарламалары және кадрлық әлеуетті дамытуға арналған бастамаларымен жақынырақ танысып білген.
Сондай-ақ сала мамандары, инвесторлар мен жас кадрлармен өткен кездесулер барысында перспективалы жобалар жөнінде пікір алмасылып, ынтымақтастық байланыстарын кеңейту мәселелері талқыланған.
Айта кетерлігі, белсенді әрі нәтижелі қатысқаны үшін «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамы «Baku Energy Week – 2026» ұйымдастырушылары тарапынан арнайы номинациямен марапатталды.
Еске салар болсақ, «Baku Energy Week – 2026» халықаралық энергетика апталығы бүгін өз жұмысын қорытындылайды.