«Uzbekistan Airways» Мюнхенге тұрақты рейстерді ашады
«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы 29 қазаннан бастап Мюнхен бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашады.
Әуе компания дерегінше, Ташкенттен Германияның мегаполисіне тұрақты рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Ташкент-Мюнхен-Ташкент бағытына билеттерді авиакомпанияның сайтында немесе мобильді қосымшасында, сондай-ақ «Uzbekistan Airways» сату кассаларынан немесе тасымалдаушы агенттерінен сатып алуға болады.