Өзбекстан азаматтарының шетелге туристік сапарға шығу көрсеткіші өсті
2026 жылдың қаңтар–қазан айларында 6,5 миллион Өзбекстан азаматы туристік мақсатта шетелге сапар жасаған.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 154,2 мың адамға артқан. Осы кезеңде Өзбекстан азаматтары ең көп барған елдердің қатарында Қырғызстан көш бастап тұр. Аталған елге 2 983 680 азамат сапар жасаған.
Келесі орындарда Қазақстан (1 183 775 адам) мен Тәжікстан (1 92 184 адам) тұр.
Сондай-ақ шетелге шыққан өзбекстандықтар арасында Ресей (301 420 адам), Түркия (257 904 адам), Сауд Арабиясы (253 789 адам), Біріккен Араб Әмірліктері (73 289 адам), Қытай (64 809 адам), Мысыр (50 463 адам) және Вьетнам (38 276 адам) да танымал бағыттар қатарында.
Аталған деректерге сәйкес, Өзбекстан азаматтарының туристік сапарларының басым бөлігі көршілес елдерге қарай бағытталғанын көрсетеді.