Уимблдон чемпионы Маркета Вондроушова төрт жылға жарыстардан шеттетілді
2023 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы, чехиялық теннисші Маркета Вондроушова допинг бақылауынан өтуден бас тартқаны үшін төрт жыл мерзімге дисквалификацияланды.
Мәліметтерге сәйкес, спортшы өткен жылдың желтоқсан айының басында жарыстан тыс өткізілген допинг тексеруі кезінде сынама тапсырудан бас тартқан. Вондроушова мұны күйзеліске түскенімен және өзінің қауіпсіздігіне алаңдағанымен түсіндірген.
Алайда тәуелсіз трибунал спортшының да, одан сынама алуға барған допинг-бақылау қызметкерінің де түсініктемелерін зерттей келе, тексеруден бас тартуға жеткілікті әрі сенімді негіз болмаған деген қорытындыға келген.
Осыған байланысты теннисші 2030 жылдың 21 маусымына дейін жарыстардан шеттетілді. Осы кезеңде оған халықаралық теннис ұйымдары мен «Үлкен дулыға» турнирлері аясындағы жарыстарға қатысуға, жаттығу өткізуге және ресми іс-шараларға баруға тыйым салынады.
Айта кетейік, Маркета Вондроушова 2023 жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанған. Сонымен қатар ол 2019 жылғы Францияның ашық чемпионатының финалисі және Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері саналады.