Әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасы Португалиядан ірі есеппен жеңілді
АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Houston Stadium» аренасында әлем чемпионатының «K» тобында өнер көрсетіп жатқан Өзбекстан мен Португалия ұлттық құрамалары өзара кездесті.
Тартысты өткен матчта Португалия құрамасы 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін португалиялықтар еншісіндегі ұпай санын 4-ке жеткізіп, топта уақытша бірінші орынға көтерілді.
Енді Фабио Каннаваро жетекшілік ететін Өзбекстан ұлттық құрамасы үшінші турда Конго Демократиялық Республикасықұрамасына қарсы алаңға шығады.

Аталған топтың тағы бір кездесуінде Колумбия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары кездеседі. Матч 24 маусым күні сағат 07:00-де басталады.