Тьяго Алькантара коронавирус жұқтырды
«Ливерпуль» клубы сапына жаңадан келіп қосылған испаниялық Тьяго Алькантара коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
«Ливерпуль» клубы сапына жаңадан келіп қосылған испаниялық Тьяго Алькантара коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Мерсисайдтық клубтың ресми хабарламасында, 29 жасты жартылай қорғаушының тест нәтижелерінде оның вирус жұқтырғаны анықталғанына орай бұл жағадйдан толық айыққанға қанша уақыт қажет болса, ол сол кезге дейін оқшауланатынын мәлімдеген.
Тиаго 18 қыркүйекте «Ливерпуль» клубына «Бавария» сапынан 20 миллион фунт стерлингке ауысты, бұл испандық футболшының келісімшарт мерзімі ішінде төленеді және бонустарға тағы 5 миллион фунт бөлінген.