Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды
Түркістан қаласында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды.
Конгресс орталығында Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Делегациялар басшылары бірлесіп естелік суретке түсті.
Отырыс басталар алдында көшбасшылар Түркі өркениеті орталығының құрылысына іргетас қалау рәсіміне қатысты.

Қазақстан бастамасымен салынатын бұл кешен түркі халықтарының ортақ тамыры, бай тарихи-мәдени мұрасы мен өркениеттік бірлігін айқындауға қызмет етеді. Жоба түркі әлемі елдері арасындағы ғылыми, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге, рухани жақындықты нығайтуға, ортақ құндылықтар мен дәстүрлерді кеңінен дәріптеуге бағытталған.
Осыдан кейін көшбасшыларға Қазақстанның цифрлық шешімдері, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің IT және жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалары таныстырылды.
