Токио-2020: Допинг бойынша алғашқы жағдайы тіркелді
Токио-2020 Олимпиада ойындарында украиналық триатлоншы Юлия Элистратова сайыстан шеттетілді.
Халықаралық допинг-тест агенттігінің хабарлауынша, оның қанынан тыйым салынған зат табылған. Әзірге спортшы уақытша жарыстардан шеттетілген болып, соңғы шешім бірнеше күннен кейін жарияланады.
33 жастағы Юлия Элистратова бұған дейін, 2008, 2012, 2016 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.