Ташкентте Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы саяси консультациялардың кезекті кезеңі өтті
Ташкентте Өзбекстан мен Әзербайжан сыртқы істер министрліктері арасында сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Бобур Усманов пен Самир Шарифов деңгейінде саяси консультациялардың кезекті кезеңі өтті,
ӨР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы Өзбекстан–Әзербайжан қатынастарының қазіргі жағдайы мен оларды одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ саяси диалогты нығайту және екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындыққа, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге, көлік, логистика, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты дамытуға ерекше назар аударылды.
Практикалық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру қажеттігі атап өтілді. Өнеркәсіп саласында жаңа бірлескен жобаларды ілгерілету, екіжақты сауда көлемін одан әрі арттыру үшін қолда бар әлеуетті барынша пайдалану, сондай-ақ денсаулық сақтау мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар тараптар өзара мүдделі өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты.