Ташкентте «TAF» жарнама фестивалі өтеді
2021 жылдың 8-9 қазаны аралығында Ташкентте «TAF» жарнама фестивалі өтеді.
Іс -шараның негізгі мақсаты - елдегі кәсіпкерлік пен тұтыну мәдениетін арттыру, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекелестік пен жалған ақпараттың алдын алу, сондай-ақ жарнама мен маркетингтік қызмет көрсету нарығына қатысушылар үшін салауатты бәсекелестік орта қалыптастыру.
Сонымен қатар осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру, маркетинг пен бизнес саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің білімі мен дағдыларын нығайту көзделген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «TAF» Ташкент жарнама фестивалі аясында инновациялық маркетингтік жәрмеңке, семинар, конференция, жарнама, маркетинг және туристік көрме, байқаулар ұйымдастырылады. Онда мемлекеттік органдар, ірі компания өкілдері, жастар мен кәсіпкерлер, оның ішінде шетелдік сарапшылар, спикерлер қатысады деп күтілуде.