Ташкентте кикбоксинг бойынша әлем кубогы өтіп жатыр
ФОТОРЕПОРТАЖ
Өзбекстанда екінші рет өтіп жатқан әлем кубогы жарысы — ел спорт тарихындағы маңызды оқиға. Бұл беделді турнирге 50-ден астам елден келген 3 мыңнан аса спортшы жеңіс үшін бақ сынауда.
Аталған дода Өзбекстан кикбоксинг қауымдастығы мен Дүниежүзілік кикбоксинг федерациясының (WAKO) бірлескен ұйымдастыруымен өткізіліп жатқаны да айрықша мәнге ие.
[gallery-25696]
Бұл турнир осы жылдың қараша айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін ересектер арасындағы әлем кубогына дайындық кезеңін өтейді.
Әлем кубогы додасы 12 қазанға дейін жалғасады.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА