Сох ауданында әуежай құрылысы басталды
Ферғана облысының Сох ауданында әуежай құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің «2020-2021 жылдардағы Сох ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен Сох ауданында әуежай салу тапсырылған болатын. Осыған орай аймақта әуежай құрылысы басталды.
Хабарда айтылуынша жобаның жалпы құны 12 млрд сумды құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары мамыр айына дейін аяқталуы керек. 4,5 гектар аймаққа салынып жатқан бұл әуежай ұшу-қону жолағының ұзындығы 650 метр болып, ені 100 метрге тең.
Бұған дейінгі хабарларда, Көлік министрлігі Ферғана қаласынан Сох ауданына жергілікті тұрғындарға қол жетімді бағада әуе қатынасы жолға қойылатыны жайлы айтқан еді. Оған Өзбекстандағы Humo Air әуе компаниясының Ан-2 ұшақтарын және «Uzbekistan Helicopters» ЖШС-ге тиісті МИ-8 тікұшақтарын пайдалану жоспарланған.