СІМ басшысы АҚШ өкілімен кездесу өткізді
Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов АҚШ Мемлекеттік хатшысының қоғамдық дипломатия жөніндегі орынбасары Сара Роджерспен кездесу өткізді.
СІМ мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар Өзбекстан мен АҚШ арасындағы білім беру, мәдениет, ақпарат алмасу және қоғамдық дипломатия салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен диалогты кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді», - делінген хабарламада.