Өзбекстан мен Қырғызстан омбудсмендері ынтымақтастық одан әрі нығайтады
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары жөніндегі өкілі (Омбудсмен) Феруза Эшматова Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық органдарының консультативтік кездесуіне қатысу мақсатында жұмыс сапарымен Қырғызстанның Бішкек қаласында жүр.
Сапар аясында Феруза Эшматова Қырғыз Республикасының Ақыйкатшысы (Омбудсмені) Жамила Жаманбаевамен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық, өзара сенім және стратегиялық әріптестік қатынастардың қарқынды дамып келе жатқан кезеңінде адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық институттар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар азаматтардың өтініштерін қарау, ақпарат алмасу және адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінде жедел өзара іс-қимылды күшейту жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында екі ел омбудсмендері арасында 2022 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумға толықтыру енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

Аталған хаттама екі мемлекеттің аумағында жүрген азаматтарға құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге бағытталған.
Құжат екі ел омбудсмендері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайтып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.