Сауд Арабиясының мұнай экспорты рекордтық деңгейге дейін төмендеді
Сауд Арабиясының шикі мұнай экспорты мамыр айында қатарынан үшінші ай төмендеп, тәулігіне 3,986 миллион баррельден 3,434 миллион баррельге дейін қысқарды. Бұл – 2002 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Сарапшылар мұны Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты жеткізілімнің үзілу қаупі және ел ішіндегі мұнай тұтынуының артуымен байланыстырады. Сонымен қатар мамыр айында Сауд Арабиясындағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген шикізат көлемі тәулігіне 2,386 миллион баррельге жетті.
Бұған қоса, хуситтер Сауд Арабиясына қарсы теңіз блокадасын енгізетінін мәлімдегеннен кейін әлемдік энергетика нарығындағы жағдайдың одан әрі күрделенуі мүмкін екені айтылуда. Өз кезегінде Эр-Рияд тағылған айыптарды жоққа шығарып, теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.