Самарқандта 7 тонна палау дайындалды
Самарқанд қаласында өткен «Самарқанд палауы» халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында 7 тонна палау дайындалды.
«Silk Road Samarkand» халықаралық туризм орталығындағы «Мәңгі қала» кешенінде арнайы қазанда 50 жергілікті және 5 шетелдік аспаз дайындаған 7 тонна палау фестивальдің көркіне айналды.
Фестиваль қорытындысында байқауларға белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсеткен аспаздар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.
[gallery-24588]
Сонымен қатар, фестиваль аясында аспаздар шеберлік сабақтарын өткізіп, шетелдік ұлттық тағамдарды әзірлеу үдерістерін көрсетті. Қолөнер мен шығыс тәттілерінің көрмелері ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, шараға келушілер үшін мәдени бағдарламалар мен концерттік қойылымдар ұсынылды.
Іс-шараға Самарқан облысы әкімінің міндетін атқарушы А. Бобоев қатысты.
суреттерді түсірген А.Исроилов, ӨзА