Республика бойынша «Достық» фестивалі өтеді
Өзбекстан халқы үшін шілде айының соңғы аптасы ерекше рухани атмосферамен өрілмек. Президент бастамасымен елімізде жыл сайын 30 шілде Халықтар достығы күні ретінде кең көлемде аталып өтеді. Осыған орай, 2025 жылдың 25–31 шілде аралығында бүкіл республика аумағында «Достық» фестивалі аясында ауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бір апта бойы барлық облыстар мен Ташкент қаласының өнер ордаларында - театрлар мен концерт залдарында, көркем алаңдар мен саябақтарда мәдени-ағартушылық, ғылыми-тәжірибелік және мерекелік бағдарламалар өтеді.
Фестиваль шеңберінде жұртшылық назарына түрлі концерттер, әдеби шығармалар оқылымы, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін көркем қойылымдар мен танымдық кездесулер ұсынылады.
«Достық» фестивалі – Өзбекстанның көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен татулықты сақтау жолындағы мемлекеттік саясатының нақты көрінісі. Бұл мереке ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де достық, келісім мен өзара түсіністік идеясын насихаттайтын маңызды мәдени оқиға саналады.
Бұл бастама түрлі этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан өзбек жерінің достық пен бірліктің шынайы символына айналғанының көрінісі.