Қытайдан Өзбекстанға 100 электробус жеткізілді
Қоғамдық көлікті дамыту мақсатында Қытайдан Өзбекстанға 100 электробус әкелінді.
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, «Өзбекстан – 2030» стратегиясын іске асыру аясында жарияланған «Қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономика жылы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша климаттың өзгеруіне бейімделу, көміртек бейтараптығына қол жеткізу және Ташкенттің қоғамдық көлігін дамыту бағытында жасыл жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі ретінде 200 электробус пен оларды қуаттау жабдықтарын сатып алу жобасы қолға алынған.
Бұл тендерде Қытайдың YUTONG BUS Co., Ltd компаниясы ең үздік ұсыныс иесі атанды. Жоба Қытай Эксимбанкі мен «Узсаноатқурилишбанк» АҚБ-нің қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асырылуда.