Парижде балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен 16 адам ұсталды
Франция астанасы Парижде балаларға қатысты жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу аясында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 16 қызметкері қамауға алынды.
Париж прокуратурасы мәліметіне сәйкес, күдіктілердің жасы 18 бен 68 аралығында. Олардың қатарында балабақша қызметкерлері, қалалық білім беру жүйесінің шенеуніктері және келісімшарт негізінде жұмыс істейтін тәрбиешілер бар. Олардың барлығы 7-округтегі Saint Dominique муниципалдық мекемесінде қызмет атқарған.
Тергеу деректеріне қарағанда, олар балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсету, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және қатыгез қарым-қатынас жасау күдігіне ілінген. Кейбір қызметкерлер қазірдің өзінде жұмыстан шеттетілген.
Қазіргі уақытта Париж прокуратурасы Париждегі 84 балабақшада, 20 бастауыш мектепте және тағы 10 мектепке дейінгі мекемеде болуы мүмкін зорлық-зомбылық фактілері бойынша ауқымды тексеру жүргізіп жатыр.